Жазушы

Сәрсеке Медеу Сапаұлы

image_1 (24)

Өмірі мен шығармашылық қызметі

Медеу Сапаұлы Сәрсеке (2 татар 1936 жил, Кайнар аулы, Обиралы отданы, Семей облысы – 20 нагрыз 2024 жил) — газа жене колёс жазушысы, драматург, публицист, одам қайраткері. КСРО жене Қазақстан жазушылар одағының мүшесі. Қазақ ғылыми-фантастикалық әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі.

Шығармалары

Шығармалары/ (повестері)

2007 жылы М.Сәрсеке «Егемен Қазақстан» газетінде «Қаныштың ізбасар інісі» деп айшықтаған, өзінің институттағы сүйікті ұстазы, академик, химия ілімін ілгері дамытушы атанған біртуар тұлға, кәнігі әдебиетші, ақын, аудармашы Ебіней Арыстанұлы Бөкетов туралы көлемді ғұмырнама жариялады. «Қазақстан» жене «Фолиант» баспаларының жарыса шығарған сериялық бір кітапқа қойған айдары да өзара үндес: бірі – «Ғибратты ғұмыр», екіншісі – «Нартұлға».

2015 жылы «Фолиант» баспасынан «Нартұлға» сериясымен аты аңызға айналған тарихшы ғалым Ермұхан Бекмахановтың ғұмырнамалық деректі кітабы жарыққа шықты.

Медеу Сәрсеке  туған халқына адал қызмет еткен үш бірдей алаш азаматын өлмейтін кітапқан кейіпкер қылуға күллі саналы өмір жолын арнады.

2016 жылы жазушы өзінің 80 жасқа толуы қарсаңында «Фолиант» баспасынан «Семей қасіреті» деп атаған, көлемі 852 бет, сыпыра шерге толы кітабын жариялады. 1949-91 жылдары жасалған ядролық жарылыстардың дүмпуін білетін (жазушы алғы сөзінде «37 жил жене екі ай радиация күлін жұтқан пендемін» депті), қаламгер өз көзімен көрген сұмдықтың, өз қолымен көмген ағайын-туыстың ауыр тақсыретін бастан-аяқ бүкпесіз баяндайды.

 «Ғажайып сәуле» (1959), «Көрінбестің көлеңкесі» (1960), «Жетінші толқын» (1964), «От және атом» (1965) повестері жас жеткіншектерге арналған.

Өндіріс адамдары жайлы «Жеті жылдықтың жігіттері» очерктер кітабы (1961), «Қаз қайтқанда» (1968), «Айшықты мезет» (1969) деректі повестері жарияланды. «Сәтбаев», «Ебіней Бөкетов» (2005) атты деректі ғұмырнамаларын (1980, 1989), «Шығыс хикаясы» пьесасын (1971), «Жаңғырық» (1979), «Көмбе» (1985) романдарын жазды. А.Беляевтің «Қос мекенді адам» романын газа тіліне аударған. «Құрмет» орденімен (2001), «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен (1970), Қазақстан Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Аудармасы

А.Беляевтің "Қос мекенді адам" романы

Аударма

А.Беляевтің «Қос мекенді адам» романын қазақ тіліне аударған.

М.Сәрсеке өзі сүйіп оқитын А.Беляевтің «Человек-амфибия» романын «Қос мекенді адам» деген әсерлі де бейнелі атаумен қазақша аударған. Өзі де тың идеялар тауып, осы жанрға тұсаукесер болар шығармалар жазуға талаптанды. Соның бірі- 1960 жылы жарық көрген «Көрінбестің көлеңкесі» атты ғылыми-фантастикалық хикаяты. Ғылыми-фантастикалық шығармалардың әйгілі майталманы Жюль Верн өз туындыларын «ғылым жайындағы романдар» деп атаған. Шындығында, осы жанрдың төл шығармаларының анасы- қиял да, атасы-ғылым. Жаңа хикаятында Медеу Сәрсеке Кенбі тауында жанартау атқылауын негіз етеді.

Жетістіктері

"Құрмет" орденімен (2001), "Еңбектегі ерлігі үшін" медалімен (1970), Қазақстан Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

«Келбет». Медеу Сәрсеке

Медеу Сәрсеке

Медеу Сәрсеке - Ғасырдың ұлы перзенті

Өзін – өзі тексеру сұрақтары