жазушы, ақын
Оразақын Асқар

Өмірі мен шығармашылық қызметі
Оразақын Асқар (1935-2019) мамырда ҚХР, Іле аймағына қарасты Мүкей-Қаратас деген жерде туған. 1950 жылы Құлжа қаласындағы А.Қасыми атындағы «Білім жұрты» гимназиясында оқиды. Сол кезеңде облыстық «Жаңа жол» газетіне алғашқы өлеңдері жариялана бастайды. 1951 жылы Үрімжі қаласындағы «Ұлттар институты» тіл-әдебиет факультетіне түсіп, екінші курсында оқып жүргенде «Шыңжаң газеті» редакциясына қызметке шақырылады. Осы газетке, «Алға» және «Шұғыла» журналдарына, сол өлкедегі қазақ ақындарының екі томдық өлеңдер жинағына бір топ өлеңдері жарияланады. Әдеби бәйгеде «Ақ көгершін» атты өлеңі жүлделі орынға ие болады.
Шығармалары/ (повестері)
- Тұңғыш. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ. 1964;
- Мейірім. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1975;
- Күнгей. Өлеңдер мен дастандар. А., «Жазушы», 1975;
- Ләйлә. Өлеңдер. А., «Жалын», 1977;
- Көкорай. Өлеңдер. А., «Жалын», 1979;
- Балқарағай. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1981;
- Сәулет. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1984;
- Таудай бол! Өлеңдер. А., «Жалын», 1984;
- Белжайлау. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жалын», 1985;
- Расти большим. А., «Жалын», 1985;
- Өркеш. Таңдамалы, А., «Жалын», 1987;
- Қара өлең. А., «Жазушы», 1989;
- Баркөрнеу. Таңдамалы, А., «Жалын», 1992;
- Құран хикаялары. Аударма. А., «Жалын», 1992;
- Керімсал. А., «Жазушы», 1994;
- Жарапазан. А., «Балауса», 1995;
- Суретті әліппе. А., «Өнер», 1996;
Аудармасы
«Досы көп ел - мәңгілік»

Аудармалары
Ақын дүниежүзі халықтарының ауыз әдебиетіндегі қара өлең тектес өлең-жырларын қазақ тіліне аударған. Әлем елдерінің жырлары «Інжу-маржан» деген атаумен шықса, Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің халықтық өлең-жырлары Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналып «Досы көп ел — мәңгілік» деген атаумен кітап болып жарияланды.