Жазушы

Жәркен Бөдешұлы

Жаркеш

Өмірі мен шығармашылық қызметі

Жәркен Бөдешұлы 1944 жылы 15 мамырда ҚХР-дың Тарбағатай аймағы Толы ауданындағы Жайыр тауында дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты-Жармұхаммед. Уақ тайпасынан шыққан. ҚазМУдің журналистика факультетін бітірген. Мерзімдік басылымдарда және мемлекеттік Кітап палатасында жауапты қызметтер атқарған. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығында бөлім меңгерушісі болған. Қазір Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының әдеби кеңесшісі. Әр алуан басылымдарда ақынның «Аңырақай бекетіндегі ой», «Қарауыл төбе», «Генерал Жаһар Дудаев», «От пен су» («Сорос– Қазақстан» қорының жүлдесі берілген), «Тас бесік», «Бостандықтың басы», «Шер», «Жалғыз» атты дастандары жарияланды.

Шығармалары

Шығармалары/ (повестері)

  • Көкше қүрақ. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жалын», 1979;
  • Қос қанат. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1982;
  • Зейін. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жалын», 1984;
  • Аспан даусы. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1985;
  • Нұрлы бояулар. Өлеңдер мен поэма-портреттер. А., «Жалын», 1988;
  • Жұлдызға орнын ай бермес. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Сөзстан», 1996;
  • Емендер түнде бүрлейді. А., «Ана тілі», 2001;
  • Бәрінің асығы. А., «Жазушы», 2005;
  • Бұрылыс. А., «Сөздік-словарь», 2007

Дастандары

Әр алуан басылымдарда ақынның «Аңырақай бекетіндегі ой», «Қарауыл төбе», «Генерал Жаһар Дудаев», «От пен су» («Сорос— Қазақстан» қорының жүлдесі берілген), «Тас бесік», «Бостандықтың басы», «Шер», «Жалғыз» атты дастандары жариялайды.

Жетістіктері

  1. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және Түркі тілдер елдері поэзиясы ІІ фестивалінің лауреаты.
  2. Қ.Сәтбаевтың150 жылдық мерейтойына арналған халықаралық мүшәйраның бас жүлдегері.
  3. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығында бөлім меңгерушісі болған.
  4. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының әдеби кеңесшісі.
  5. Мерзімдік басылымдарда және мемлекеттік Кітап палатасында жауапты қызметтер атқарған.
  6. Абай Құнанбаев, Жамбыл Жабаев, Мұхтар Әуезов, Аманжолов, Түркістан-1500, Махамбет Өтемісұлының мерейтойларына, Дүниежүзі қазақтарының II Құрылтайына арналған жыр сайысында жүлделі орындарды жеңіп алған.
  7. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

Ақын Жәркен Бөдеш / Автопортрет / Асыл арна

Жәркен Бөдешұлы

Жәркен Бөдешұлы жайлы

Өзін – өзі тексеру сұрақтары

Кelbet (Келбет) - Жәркен Бөдешұлы

Жәркен Бөдешұлы